Сириядағы балалар қалай құтқарылды – арнайы операцияның видеосы жарияланды

0
2 585

​Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қақтығыс аймағынан оралған балалардың қалыпты өмірге қалай бейімделіп жатқанын көрсетті.


Сириядағы балалар қалай құтқарылды – арнайы операцияның видеосы жарияланды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядағы қазақстандықтарды құтқару бойынша жүргізілген арнайы операцияның видеосын жариялады. Оның нәтижесінде 12 адам, оның ішінде жеті бала елге оралды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін хабарланғандай, президент Қасым-Жомарт Тоқаев террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясын санкциялаған болатын. Осы жолы қайтарылғандардың төртеуі ер адам, бір әйел және жеті бала, оның екеуі - жетім.




Видеодан дәрігерлердің балаларды тексергенін, одан соң олардың жаңа өмірге қалай бейімделіп жатқанын көруге болады.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетілмек. Әйел мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламасына енгізілді.

Осымен Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару бойынша бесінші "Жусан" арнайы операциясы өткізілді. Жалпы, Қазақстанға 400-ден астам бала оралған.