​Сириядан қайтарылған балалардың анасынан сұрағаны «мына жерге енді бомба түспей ме?»

0
1 472

Сөз соңында отандастарымызды Сириядан қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы жайлы ойын білдірді.


​Сириядан қайтарылған балалардың анасынан сұрағаны «мына жерге енді бомба түспей ме?»

ERNUR.KZ. Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп аталатын салтанатты шарада еліміздің бетке ұстар жастары бас қосып, сөз сөйледі. Одан кейін Мемлекет басшысы сөз алып, бірқатар ұсынысын айтты. Сөз соңында отандастарымызды Сириядан қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы жайлы ойын білдірді, деп жазады BAQ.KZ.

«Жақында біздің қақтығыстар аймағынан, террористерден 47 азаматымызды алып шыққанымызға куә болдыңыздар. Бұл - біздің арнайы қызметтеріміздің көрші елдермен бірлесіп жасаған қауіпті операциясы. 47 адамның 30-ы - балалар, олардың әкелері сол жақтағы соғыста қаза тапқан және де әйелдер... Әр адам - өз тағдырының иесі. Оларды алдап, жұмақтағыдай өмір сүресің деп уәде беріп, сол жаққа алып кетті, олар соғысты. Ал енді осы террористерді барлық елдер бомбалап, өлтіріп жатыр. Әрине, солай болары анық. Біздің де қазақстандықтар, жүздеген адам осы құрыққа түсіп қалды. Көбін өлтіріп тастаған. Және де біз осы жұмысты жалғастырамыз. Енді бізге қайтарылған адамдарды бейімдеу керек. Кішкентай балалар біздің ұшақтан түскен кезде шешелерінен «мына жерге бомба түспей ме?» деп сұрайды екен. Туғаннан әбден бомбаға үйреніп қалған ғой», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарабев бүгінгі жастармен кездесуінде жеңіл өнеркәсіп саласына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына бір мыңнан кем емес пәтер салуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев жастармен кездесуде «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жас кәсіпкерлер үшін гарант бойынша бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды.