"СҚ-Фармация" соты: "SCAT" ұшақтары Қытайдан бос қайтқан

0
669

Гуанчжоу қаласында 18 сағат бойы тұрған ұшақтар елімізге бос оралған.


ERNUR.KZ. Қорғаныш костюмдерін жеткізуге кеткен «Scat» ұшақтары қытайдан бос келді. Мұны Берік Шәріпке қатысты сот отырысында куәгер айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгінгі сот процесінде «СҚ-Фармацияның» экс-басшысы мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз таңдады деген «Іңкәр» компаниясының директоры жауап берді. Айтуынша, о баста арнайы медициналық киімдерді әкелуге 8,3 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған. Оның 50 пайызын «Іңкәр» ЖШС қытайлық «Холилинк» мекемесіне аударған. Ал қорғаныш костюмдерді Қытайдан жеткізу үшін «Scat» әуе компаниясынан 13 ұшақ жалға алынған. Оның жетеуінің шығынын «Іңкәр» компаниясы толықтай өзіміз өтедік деді. Бірақ Гуанчжоу қаласында 18 сағат бойы тұрған ұшақтар ақыры елімізге бос оралған. Сол үшін «Іңкәр» компаниясы белшеден шығынға батқандарын айтады.