СҚО-да 21 тонна астықты ұрламақ болған адам ұсталды

0
756

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


СҚО-да 21 тонна астықты ұрламақ болған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында тонналап астық ұрламақ болған ер адам ұсталды, деп жазады Atameken Business.

Тайынша ауданында ауылшаруашылық кәсіпорнының жұмысшысы егістіктен 21 тонна астықты жымқырмақ болған. Ол адамның комбайннан астықты арнайы жалдаған «КАМАЗ» көлігіне тиегені белгілі болды.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі тапсырыс берушінің қылмыстық ойы жайлы білмеген. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейін, 20 тамыздан бастап облыста «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Астық жинау науқаны кезінде тіркелген 39 ұрлықтың үшеуі ғана ашылмапты.