СҚО-да 49 адам коронавируспен ауырды

0
662

Былтыр қаңтар-шілде айларында коронавирус жұқтырудың 317 жағдайы тіркелген.


СҚО-да 49 адам коронавируспен ауырды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жеті айда 49 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 есе төмен, деп жазады inform.kz.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, былтыр қаңтар-шілде айларында коронавирус жұқтырудың 317 жағдайы тіркелген. Биыл сырқаттанғандардың 42-сі – ересектер, үшеуі – 15-17 жас аралығында болса, қалған төртеуі – 14 жасқа дейінгі бала.

«Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай қазіргі уақытта тұрақты. Соңғы 3 айда - мамыр, маусым, шілдеде КВИ жағдайлары тіркелген жоқ. Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция, КВИ ауруларының алдын алу үшін бөлмені үнемі желдетіп отыруға, қолды жуу үшін үнемі антисептикалық құралдарды пайдалануға, ауру адамдармен байланысты шектеуге, ауру белгілері бар адамдармен байланыста болған кезде бетперде пайдалануға, уақытылы медициналық көмекке жүгінуге кеңес береміз», - дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Бұған дейін СҚО-да көкжөтелден ем алған балалардың саны бес есе артқанын жазған едік.