2001 жылы туған ер адам жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирново елді мекеніндегі екі қабатты үйде газ баллоны жарылып, 12 жасар қыз мерт болды. Оқиға орнына облыс әкімі барып, жағдайды көрді, деп жазады inform.kz.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 15:00-ге таман Смирнов елді мекені Титов көшесі, 11 мекенжайындағы 2 қабатты 3 подъезді үйдің екінші қабатында болған.
60 шаршы метр аумақ отқа оранды.
Оқиға салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болған.
2001 жылы туған ер адам жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.
9 адам эвакуацияланды.
Төтенше жағдай орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері барды.
Өрт сағат 17.00 шамасында толық сөндірілді.