Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар салып, жаңа салымшыларды шақыру қажет болды.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативі түрінде азаматтардың қаражатын тартқан, деп жазады Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Тұрғын үй кооперативі түріндегі ұйым ҚР аумағында, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарға табысына қарамастан тұрғын үй сатып алуға жалған көмек көрсету мақсатында қаржылық қызметті жүзеге асырған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджері арқылы «Шаңырақ +» бағдарламасы аясында ипотекалық қарызға балама ұсына отырып, жеке тұлғаларды тартып отырған.
Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар салып, жаңа салымшыларды шақыру қажет болды.
Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында компания филиалдарынан баспа өнімдері, буклеттер, компания қызметі туралы ақпараты бар брошюралар, шарттар, тізімдер және салымшылар бойынша ақпарат анықталып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді. Құрметті азаматтар, егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осындай пирамидаға тартылған болса, дереу Қаржылық мониторинг агенттігіне +7 (7172) 708-478 сенім телефоны арқылы немесе аумақтық қаржы мониторинг органдарына хабарласыңыз.ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Қаржы пирамидаларының схемаларының бірі - тұтыну кооперативтері. Алаяқтар тұрғын үй немесе автокөлік сатып алу бағдарламасын ұсынады.
Көбінесе клубқа кіру үшін мүшелік жарна төлеу қажет, ол қайтарылмайды. Бұл ретте, мүлік жаңа салымшылардың жарналарына сатып алынады.