СҚО-да қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

0
616

33 градус ыстық екі күн бойы сақталады.


СҚО-да қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері 33 градусқа дейін ыстық болады. Осыған байланысты 112 қызметі sms-хабарлама арқылы ескерту жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, алдағы күндері өңірдің ауа райына солтүстік-шығыс циклонының жырасы әсер етеді. 15 мамыр күні облыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түспек. Күндіз секундына 15-20 метрге дейін жел тұрып, ауа температурасы 27-32 градусқа дейін көтеріледі.

«16 мамырда облыс бойынша кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градусқа дейін ысиды», - дейді «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім жетекшісі Гүлзат Ғазизова.

33 градус ыстық 17 мамыр күні де сақталмақшы. Осыған байланысты 112 қызметі 15-17 мамыр күндеріне ескерту жариялады.

«Күннің қатты ысуына байланысты өрт шығу қаупі арта түседі. СҚОтөтенше жағдайлар департаменті орманға барған жағдайда өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындайтын болса тәулік бойы жұмыс істейтін 112 телефон нөміріне хабарласуға болатынын еске саламыз», - делінген СҚО ТЖД-нің хабарламасында.