​ СҚО-да мас әке туған қызын зорлаған

0
934

Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді.


​ СҚО-да мас әке туған қызын зорлаған

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында педофилияға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. М. Жұмабаев ауданында алкгольді ішімдікке мас болған ер адам туған қызын зорлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жаға ұстатар қылмыс жайында полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов мәлім етті.

«Есіл өңірінде өзбекстандық азамат мас күйінде кәмелетке толмаған қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілді», - деді А. Қабдулдинов.

Облыста барлығы 43 педофил тіркелсе, оның 34-і түрмеде отыр. Қалғандары қатаң бақылауға алынған. Қылмыс жасағандар бостандыққа шыққаннан кейін бірден бақылауға алынып, апта сайын мекенжайлары тексеріліп, жүріс-тұрысы, жұмысқа орналасуы қадағаланады.