СҚО-да пара берген колледж директоры сотталды

0
913

50 мың теңге пара берді деген күдікке ілінген.


СҚО-да пара берген колледж директоры сотталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», делінген хабарламада.

Ол облыстық ТЖД қызметкері анықтаған өртке қарсы қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін колледж фармацевті М.Т.Әбдікәрімованың делдал болуы арқылы 50 мың теңге пара берді деген күдікке ілінген.

1 қарашада Петропавл қалалық сотының үкімімен М.Б. Ахметова пара бергені, ал М.Т. Әбдікәрімова пара беруде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандарға 500 мың теңге және 250 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.