Су тасқынынан зардап шеккен «Бірлік» шағын ауданының тұрғындары үшін жаңа балабақша ашылды.
ERNUR.KZ. Республика күні қарсаңында өңірде әлеуметтік маңызы бар және спорт нысандары ашылды. Бұл - «Бірлік» шағын ауданындағы балабақша, «Qyzyljar» үстел теннисі орталығы және «Береке» шағын ауданындағы спорт кешені, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі.
Су тасқынынан зардап шеккен «Бірлік» шағын ауданының тұрғындары үшін жаңа балабақша ашылды. Балабақша 90 орынға шақталған, жаңа ықшам аудандағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда келесі жылы жаңа мектептің құрылысы да басталады.
Сондай-ақ «Qyzyljar» үстел теннисі орталығының ашылды. Орталық үздік халықаралық стандарттарға сай: 24 үстелі бар ойын залы, жаттығу залы және көрермендерге арналған трибуна бар. Кешенде республикалық және халықаралық турнирлер, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге болады. Ашылу күні үстел теннисінен облыс біріншілігі өтті.
«Береке» шағын ауданында көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылды. Спорт кешенде спорт түрлерінің кең спектрі бар, волейбол және баскетболға арналған әмбебап зал, бокс залы, жекпе-жек залы, тренажер залы, велобаза, ашық жаттығу алаңдары және шағын футбол алаңы бар. Бұл кешен «Береке» тұрғындары үшін маңызды, өйткені қаланың басқа аудандарына бармай-ақ спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Бұл спорттық қолжетімділігін қамтамасыз етіп, спортты насихаттауға ықпал етеді.