Жұмыс тобы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қоныс аударушыларға арналған баспана құрылысының сапасын тексеретін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кірді, деп жазады zakon.kz.
Жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың барлық шағымдарын қарап, салынған үйлерді тексереді және сараптамалық қорытынды жасайды. Оның қорытындысы бойынша сапасыз орындалған жұмыстар түзетіледі.
Жұмыс тобы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.