Соққан жел Атыраудағы ұрлықты әшкере етті

0
734

Мектептің жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат ұрланған.


Соққан жел Атыраудағы ұрлықты әшкере етті

ERNUR.KZ. Атырау облысының прокуратурасы облыс орталығында орналасқан Ғ.Мүсірепов атындағы №5 қалалық орта мектепті күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.

2017 жылы мектепте 279 млн. теңгеге жөндеу жүргізілді.

«Жөндеу жұмыстарына үлкен мөлшерде қаражат бөлінгендіктен, осы жылдың наурыз айында сәл ғана соққан желден қалайша ғимараттың сырты бұзылды деген сұрақтар туындайды. Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ жұмыстың дұрыс орындалмағаны салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 млн. теңге залал келтірілген»,- облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Прокуратура жинаған материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. ҚР ҚК 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.