Елбасы туралы "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші бөлімі жарық көрді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиені Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Хабар" телеарнасының эфирінде "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші бөлімі жарық көрді.
"Үш қызымнан керемет үш немерем бар. Амал не, биыл (2020 жылы) бір немеремнен айырылдым, өзімнен аумайтын еді. Сонша ерте кеткеніне өкінемін. Ешқайда да жібермей-ақ қоюға болар еді. Бірақ ұстап отыру мүмкін емес еді. Сол істің құлына айналды, тоқтай алмады. Мәскеуде емдедік, Лондонда емдедік. Одан беті бері қарап еді, бірақ қайта кетті", - деді Нұрсұлтан Назарбаев сұхбатында.
Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев 16 тамызда Лондонда қайтыс болған. Өлімінің алдын ала себебі деп жүрегі тоқтап қалуы аталған.
Айсұлтан Назарбаев - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген.