Солтүстік Қазақстан облысында кірпіш зауыты іске қосылды

0
441

Жаңа кәсіпорын өңірдің кірпішке деген қажеттілігінің 30%-ін қамтиды.


Солтүстік Қазақстан облысында кірпіш зауыты іске қосылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 40 миллион болатын кірпіш зауыты іске қосылды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қызылжар ауданының Подгорное ауылында өндірістің ашылуы туралы әлеуметтік желілерде өңір басшысы Құмар Ақсақалов айтып берді. Ол инвестициялық жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылғанын атап өтті. Жергілікті кәсіпкер жылдық 4%- пен 800 миллион теңге жеңілдетілген несие алды.
"Бес жылға тегін жер телімін берді, импортқа қосымша құн салығынан және жабдықты әкелуге кедендік баж салығынан босатты. Кірпіш зауытына 1,8 миллиард теңге инвестиция салынды. 80 тұрақты жұмыс орны құрылды", - деді Құмар Ақсақалов.

Жыл сайын кәсіпорын 40 миллионға дейін кірпіш шығаратын болады және өңір қажеттілігінің 30 процентін қамти

"Біздің міндетіміз - жергілікті құрылыс компанияларын өз өнімімізбен қамтамасыз ету. Алдағы екі - үш айда құрылыс материалдарын шығаратын тағы бірнеше кәсіпорынды іске қосамыз", - деп атап өтті облыс әкімі.

Зауыт құрылысы 2019 жылы басталған. Сол кезде облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір құрылыс материалдарын өзі өндіруге тиіс екенін атап өтті. Облыста құрылыс жұмыстарының көлемі жыл сайын өсіп келеді. Ал құрылыс материалдарын - қиыршық тастан кірпішке дейін сырттан алуға мәжбүр. Мұның бәрі құрылыс құнына әсер етеді.