Солтүстік Қазақстан облысында өртенген үйден 73 жастағы әйелдің денесі табылды

0
558

Көршілерінің айтуынша, ол жалғыз тұрып келген.


Солтүстік Қазақстан облысында өртенген үйден 73 жастағы әйелдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар департаменті өңірге қарасты Айыртау ауданы, Новоукраинка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 73 жастағы әйелдің денесі табылғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Новоукраинка елді мекені, Армянская көшесінде тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар "101" жедел арнасына бүгін сағат 01:30 шамасында түскен.

Ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі 10 шақырым қашықта орналасқан.

"Тұрғын үйдің жалпы аумағы 200 шаршы метр, өрт 96 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан осы үйдің иесі, 1951 жылы туған әйелдің денесі табылды. Көршілерінің айтуынша, ол жалғыз тұрып келген. Алдын ала болжам бойынша пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған", – делінген хабарламада.

Өртті жеке құрамнан 6 адам және 2 арнайы техника үш сағаттың ішінде толық сөндірді.