Солтүстік Қазақстан облысында полицей қызметтік көліктегі интимді видеосынан кейін жұмыстан қуылды

0
1 496

Көшедегі ер адам оларды түсіріп алыпты.


Солтүстік Қазақстан облысында полицей қызметтік көліктегі интимді видеосынан кейін жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Желіде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерінің қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен видеосы тарады. Осыдан кейін ол қызметінен босатылды, деп жазады Stan.kz.




Көшедегі ер адам оларды түсіріп алыпты.

Видеода көліктің артқы орындығында бір адамның сұлбасы көрінеді.

Солтүстік Қазақстан полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Қызметкер қызметтік тексеруден кейін жұмыстан босатылған екен.

"Солтүстік Қазақстан ІІБ-нің аудандық ішкі істер бөліміне полиция қызметкерінің заңсыз әрекеті туралы арызбен 44 жастағы ер адам келіп, қызметтік тәртіпті өрескел бұзу фактісі анықталды. Құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық ретінде Солтүстік Қазақстан полиция департаменті бастығының бұйрығымен бұл қызметкер жағымсыз себептермен қызметінен босатылды", – деп мәлімдеді СҚО ПД.

Сондай-ақ аудандық бөлімшенің басшылығы мен басқа да бірқатар қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.