Солтүстік Қазақстанда делдалдар жойылды – макарон 40 процентке арзандады

0
431

Өндіруші мен дүкендердің арасында 2-3 делдал болған.


Солтүстік Қазақстанда делдалдар жойылды – макарон 40 процентке арзандады

ERNUR.KZ. Солтүстік-Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату кезінде делдалдық схемалар анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Жергілікті департамент талдау жұмыстары кезінде макарон өнімдері сату саласындағы делдалардың көп болғанын анықтады. Атап айтқанда, өндіруші мен дүкендердің арасында 2-3 делдал болған.
Соның салдарынан тауардың бағасы да көтерілді. Делдалдар үлестес компания болып жұмыс істеген. Депаратмент макарон өндіретін зауыттың басшылығына бәсекелестікті қорғау саласында заңнаманы бұзу белгілері бар деген ескерту жасалды.
"Бүгінде өндіруші ескертуді толығымен орындады. Бірлескен профилактикалық жұмыстың нәтижесінде өнімді делдалсыз тікелей облыс кәсіпкерлеріне жеткізу жұмысы ұйымдастырылды", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі кезде сол зауыттың макарон өнімдері супермаркеттерде 490 теңгеден 355-ке дейін төмендеді. Осылайша, тауар 40 процентке арзандады.