Мұны антикор растады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп жазады sputnik.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығының ұсталғанын растайды", - делінген агенттік жауабында.
Өзге ақпарат алдағы уақытта жария етіледі, деп уәде етті антикор.