Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты

0
744

​Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев атындағы колледждің оқытушысы мен студенті "Қарағай орманы" базасының жанындағы Есіл өзеніне батып кетті.


Солтүстік Қазақстанда селфи жасамақ болған оқытушы мен студент ажал құшты

ERNUR.KZ. 1994 жылы туған оқытушы мен 2002 жылғы оқушы Есіл өзеніне батып кетті. Бұған дейін олар өзен жағасында суретке түскен, деп жазады sputniknews.kz.

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысындағы "Қарағай орманы" базасының маңында болды. Оқытушы мен студент Есілдің жағасында суретке түсіп жүрген. Куәгерлердің айтуынша, олардың аяқтары тайып кетіп, суға құлаған. Өзеннің ағысы қатты болып, екеуінің де суға батып кеткені анықталды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда үш жасар екі бала суға батып кетті. Балалардың денесі үйден 350 метр қашықтағы бақша дақылдарын суаруға арналған арықтан табылды.