Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

0
635

Жасөспірім 19 мамырда үйінен шығып кетіп, оралмаған.


Солтүстік Қазақстанда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында жоғалған 14 жасар жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл тұрғыны 19 мамырда 14 жастағы жиені таңертең үйден белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтып, полицияға шағымданған.

«Полиция, педагогтар мен жергілікті тұрғындар қызды көлікпен және атпен іздеген. 20 мамыр күні таңертең 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде орналасқан жасанды су қоймасынан табылды»,- делінген хабарламада.
Жасөспірімнің өліміне қатысты ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан соң анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр, олардың нәтижелері бойынша шешімі қабылданады», - дейді полициядағылар.