Қазақстанда бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарға тіпті үйде де ішімдік ішу және есірткі қолдануға сот арқылы тыйым салу жолдары қарастырылды, - деп жазады Zakon.kz сайты.
Қазақстанда бала тәрбиесіне немқұрайды қарайтын ата-аналарға тіпті үйде де ішімдік ішу және есірткі қолдануға сот арқылы тыйым салу жолдары қарастырылды, - деп жазады Zakon.kz сайты.
"Өткен жылдың сәуір айында енгізілген заңнама бойынша сот тәртібімен баласын қараусыз қалдырған ата-аналарға үйде спиртті ішімдік ішу және есірткі қолдануға үш айдан бір жылға дейін тыйым салынады. Өкінішке орай, бізде әзірге бұл бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей келеді. Дегенмен, қолдан келгенше жұмыс жасаймыз", - деді ҚР ІІМ басқармасы қызметін үйлестіру, жергілікті полиция қызметі бастығы Алексей Милюк.
Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 54 бабында алкогольдік ішімдіктерге қатысты баптардың тізбесі және олар бойынша сот тәртібімен салынатын тыйымдар айтылған.
"Егер алкогольді ішімдік салдарынан әлдебір құқық бұзушылық оқиға орын алса, онда сот ішкі істер органдарының сұрауы бойынша тыйым сала алады. Қазір еліміз бойынша есепте тұрған шамамен 10 мыңға жуық жайсыз отбасы бар. Оның себебі ішімдікпен байланысты. Өткен жылы біздің құзырлы органның қызметкерлері тексеруге барғанда мас халде болған 350 ата-ананы анықтаған. Сол себепті де бұл шараны барынша кеңейту керек», - дейді А.Милюк.
Айта кетейік, бұл тыйымға селқос қарап, қайта олқылық жасағандар сот тәртібімен темір тордың ар жағынан да шығуы әбден мүмкін.