Студенттердің шәкіртақысы көбейді

0
585

Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады.


Студенттердің шәкіртақысы көбейді

ERNUR.KZ. Жоғары оқу орындарында студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы үкімет қаулысы күшіне енді, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа сәйкес, ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері ұлғайтылды. Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады.
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 58 800 теңге алады. Интерндерге 66 403 теңге, магистранттарға 86 987 теңге төленеді. "Назарбаев Университетінің" магистранттарына 162 500 теңге беріледі, бұрын 143 750 теңге болатын.
Докторанттар мен "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол 172 500 теңге еді, ал "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға 100 036 теңге (88 494 теңге болды) төленеді.
Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.