Студенттік жатақхана салу жұмыстары биыл басталады

0
1 619

​Студенттерге арналған 75 мың орындық жатақхана салу жұмыстары биыл басталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына орай пікір білдірген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Студенттік жатақхана салу жұмыстары биыл басталады

фото: bilim-all.kz

Студенттерге арналған 75 мың орындық жатақхана салу жұмыстары биыл басталуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына орай пікір білдірген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, студенттерге жатақхана салу ісін жергілікті әкімдіктер, жоғары оқу орындары, жеке компаниялар бірлесіп шешеді. Бірақ, жеке компаниялар жатақхананы салғаннан кейін олардың жұмсаған қаражатын қайтарып беру тетігі әзірленуі тиіс. Бұл тетікті алдағы уақытта Үкімет дайындайтын болады. «Жоғары оқу орны жатақхана салатын болса, онда мемлекет белгілі бір уақыттың ішінде оған жұмсалған қаражатты қайтарып береді. Аталған қаражат республикалық бюджеттен қарастырылатын болады. Бұл жұмыстарды биыл бастауға болады. 5 жылдың ішінде 75 мың орындық жатақхана салуымыз керек. Жоспарын жасап Үкімет қарауына енгізетін боламыз», - деді министр. Сонымен қатар ол Президент білім гранттарын 20 мыңға арттыру туралы тапсырма бергенін атап өтті. «Өте қуаныштымыз. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға беріледі. Оның ішінде бакалавриатура, магистратура, докторантура да болады. Бәрін қарастырамыз, жоба ретінде Үкімет отырысына енгізетін боламыз», - деді Ерлан Сағадиев.