Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайлар туралы ақпаратпен бөлісті

0
561

Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар.


Су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайлар туралы ақпаратпен бөлісті

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Азаматтық қорғау қызметтері 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы құтқарды. 113852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19715 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 8821 адам, оның ішінде 3885 бала бар", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, 10,5 миллион м3 астам еріген қар суы сорылған, 3,4 миллионнан астам қапшық пен 1,4 миллион тонна инертті материал төселген. 4 370 тұрғын үй мен 2 737 аула аумағынан су бұрылған.

"Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 989 жеке тұрғын үй мен 1 091 аула аумақтары су астында қалды", - делінген хабарламада.