Су тасқыны: Үйлерді қалпына келтіру үшін 3 жедел топ құрылды

0
516

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастаған бірінші жедел топ кеше Ақтөбе облысына барды, одан әрі Ақмола және Қостанай облыстарына баратын болады.


Су тасқыны: Үйлерді қалпына келтіру үшін 3 жедел топ құрылды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйді қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстарды үйлестіру үшін 3 жедел топ құрды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми өкілі Меруерт Ибраева мәлімдеді.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 12 сәуірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйді, әлеуметтік инфрақұрылымды, коммуналдық шаруашылық объектілерін қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстарды жергілікті жерлерде үйлестіру үшін 3 жедел топ құрды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бастаған бірінші жедел топ кеше Ақтөбе облысына барды, одан әрі Ақмола және Қостанай облыстарына баратын болады.