Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

0
725

Ол бұл қызметті 2018 жылдың қарашадан бастап атқарып келді.


Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының «Болашақ» өзекті білім беру институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған.

2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.

2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті болды.

2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.