Марат Жыланбаев 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Астанада белсенді және супермарафоншы Марат Жыланбаев екі айға қамауға алынды, деп жазады zakon.kz.
"25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Жыланбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Марат Жыланбаев 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол – планетадағы ең үлкен шөлдерді – Азия, Африка, Австралия және Американы жүгіріп өткен жалғыз адам. Әрбір жүгіру қашығы кемінде 1200 км. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Халықаралық ультрамарафон жарыстарының жеңімпазы және жүлдегері. Ол Гиннестің рекордтар кітабына марафон жүгіруден 7- әлемдік рекордты орнатып енген.
Ол сонымен қатар - тіркелмеген оппозициялық партияның жетекшісі.