Сыйлық пен жылы лебіз ретінде беріліп жатқан дипломдар бақылауға алынбақ

0
2 671

ЖОО-на заңсыз жолмен түсетін оқушылардың әрекеті әшкереленді


Сыйлық пен жылы лебіз ретінде беріліп жатқан дипломдар бақылауға алынбақ

ERNUR.KZ. Антикоррупциялық қызмет оқушылардың жоғарғы оқу орындарына заңсыз жолмен түсу жүйесін әшкереледі. Түлектер ҰБТ тапсырмай-ақ университеттің екінші курсына түсіп алады. Оған қоса, еліміздің кейбір танымал тұлғаларына дипломды сыйға берген оқиғаларда анықталған деп жазады NUR.KZ.

"Біз дипломның танымал тұлғаларға сыйлық пен жылы лебіз ретінде беріліп жатқан оқиғаларды бақылауға алмақпыз. Оған қоса колледж түлектері өтірік диплом жасатып алып, жоғарғы оқу орындарына түсіп жатады. Жасанды құжаттың арқасында олар ҰБТ тапсырмай университеттің екінші курсынан бір-ақ шығатын оқиғалар да көптеп кездесуде", - деп мәлімдеді антикоррупциялық саясат департаментінің басшысы Данияр Сабырбаев.

Оның айтуынша, қазақсатндық жоғарғы оқу орындарының бірінде колледж дипломымен түскен 40 студенттің 12-сінің құжаттары жалған болып шыққан.

"Қазіргі таңда біз Білім министрілігімен келістік. Алдағы уақытта арнайы ақпараттық жүйе іске қосылмақ. Онда университет ректорлары барлық дипломдардың электронды нұсқасын жүктеп отырады. Соның арқасында мемлекеттік құжаттарды жасатып алу мүмкін емес болмақ", - деп қосып кетті ол.