Сыйлық үшін 322 мың долларын жұмсады

0
1 164

Жаңа кешен қыркүйекте пайдалануға беріледі


Сыйлық үшін 322 мың долларын жұмсады

фото:Sputnik.

ERNUR.KZ. Қазақстандық бизнесмен туған ауылына сыйлық тарту ету үшін 116 миллион теңге (322 мың доллар) жұмсады- деп жазады Sputnik.

Жаңа кешенде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Биыл қыркүйек айында ашылу салтанаты өтеді.
Түркістан облысында кәсіпкер Отырар ауданы Ақтөбе ауылында кешенін салды. Ғимарат құрылысына 322 мың доллардан астам қаражат кеткен.

Sports.kz порталы жазғандай, кешен әлі қолданысқа берілмепті. Бірақ биыл күзде қыркүйек айында ашылу салтанаты өтуі тиіс. Бизнесменнің осындай тамаша сыйлығы арқасында екі жүздей бала мен ересек адам футбол, бокс, волейбол және күрес секцияларына қатыса алады.

Облыс чемпионы, боксшы Талғат Құланбайдың айтуынша, бұрын ауыл тұрғындары мектептің шағын спортзалында шынығуға мәжбүр болатын. Ол жаңа спорт кешенінде бұрынғыдан да қарқынды жаттығып, болашақта олимпиада медаліне қол жеткізетініне сенімді.