Сырамен емделмек болған шенеунік жұмыстан қуылды

0
578

Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Сырамен емделмек болған шенеунік жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Май аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы мас күйінде көлік тізгіндеген үшін қызметінен айырылып, 20 тәулікке қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттік қызметте 30 жылдық еңбек өтілі бар басшы ауырып тұрған тамағын сырамен емдеймін деп, басы бәлеге қалды. Оның айтуынша, қазан айының соңғы күнінде тамағы сыр беріп, оны емдеу үшін бір шөлмек сыраны қысқатолқынды пеште жылытып, жылы күйінде ішкен. Сол күні кешкісін ағасының немерелері қонаққа келіп, балмұздық қалайтынын білдірген. Құрамында алкоголі бар сусынды ұрттап алғаны естен шығып кеткен шенеунік қызметтік "Лада Гранта" көлігін тізгіндеп, балаларды бірге алып, сауда орнына қарай бағыт алған. Кішкентай жолаушылардың алдыңғы орындықта белдіксіз отырғанын аңғарған полиция қызметкерлері аудандық бөлім басшысын жолда тоқтатқан. Сол кезде әйел адамнан алкоголь иісі шығып тұрғанын аңғарып, аудандық ауруханаға апарған. Талдаманың нәтижесі шенеуніктің мас екенін айғақтады.

Жер қатынастары бөлімінің жетекшісі бұл әрекеті үшін Әкімшілік кодекстің 608-бабы 6-бөлімі бойныша жауапкершілік арқалап, 20 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, оның мәселесін әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қарастырды.

Жиын барысында мемлекеттік қызметші өз кінәсін толығымен мойындады. Ал кеңес мүшелері бірауыздан оны жұмыстан босату керек деген байламға келді.