​Тағы бір қазақ спортшысы кісі қолынан қаза тапты

0
2 275

33 жастағы спортшыны қатігездікпен өлтірген.


​Тағы бір қазақ спортшысы кісі қолынан қаза тапты

ERNUR.KZ. Семейде көмір үшін кезекке тұрғандар арасында жанжал туып, ер адам мерт болды, деп жазады stan.kz.

Марқұм болған азамат ҚР дзюдодан чемпионы Жасұлан Абиев.

Жасұлан Әбиев 60 келіге дейінгі салмақ категориясында үздік дзюдо күресшілерінің бірі. Қазақстан чемпионатының және халықаралық турнирлерінің бірнеше мәрте чемпионы және жүлдегері болды.

ШҚО ішкі істер департаменті бұл ақпаратты растады.

Оқиға 13 қараша күні «Қаражыра» көмір кен орнында болды. Көмірге таласқан кезектегі адамдар жанжалдасып кетіп, соңы адам өлімімен аяқталды. Кезекте тұрған азамат 33 жастағы спортшыны қатігездікпен өлтірген. Қылмыскер ашуға қатты берілгенге ұқсайды. Адам өлімі үшін 1994 жылы туған жігіт ұсталды. Ол Семей қаласының тұрғыны. Ол спортшыны пышақтап өлтірген.

Семей қаласы полиция басқармасының мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша қамауға алынды.