Такси бір жылда 37,7%-ға дейін қымбаттады

0
402

Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды


Такси бір жылда 37,7%-ға дейін қымбаттады

ERNUR.KZ. Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бір жылда таксимен жүру құны 9%-ға қымбаттады, деп жазады sputnik.kz.

Жетісу облысында баға басқа өңірлердің бәрінен қатты қымбаттаған: бір жылда 37,7%-ға өсті.
Антирейтингідегі екінші және үшінші орынды Алматы және Абай облыстары иеленді: сәйкесінше 28,1% және 21,2%.
Ең аз жылдық баға өсімі Ақмола облысында тіркелді: мұнда бар-жоғы 0,5%-ға өскен. Ал Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістан облыстарында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1%-ға артық. Жолаушылар айналымы бір жылда 8,7%-ға өсті.