Жаймамен оралған мәйіттерді ер адамдар көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған.
ERNUR.KZ. Жетісу облысының орталығында қаза тапқан адамдарды жерлеуге апара жатқан мәйітхана қызметкерлері желі қолданушыларын елең еткізді, деп жазады stan.kz.
Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнеде көрсетілгендей, мәйітхана қызметкерлері қайтыс болған белгісіз адамдарды жерлеуге апара жатқанын байқауға болады. Алайда, жаймамен оралған мәйіттерді ер адамдар көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған.
"Бұл не масқара? Сұмдық. Ол қайтыс болсада адам ғой, қарап тұрсаң бір картопты көлікке тиеп жатқандай көрінеді. Бұл недеген бассыздық" - дейді желі қолданушылары.