2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.
ERNUR.KZ. Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп жазады tengrinews.kz.
"Талдықорған қалалық сотында ҚР ҚК-ның 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айыпталып отырған күдікті К-ге қатысты қылмыстық істі қарау басталды ("адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау"). Процесс жабық режимде өтеді", - деп хабарлады Жетісу облысы соты.
Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.