Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны - 209, соның ішінде Талдықорған қаласында 10 адам бар.
ERNUR.KZ. Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді, олар – Талдықорған қаласының тұрғындары, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1991, 1997, 1972 жылы туған 3 пациенттің де сырқаты ПТР-талдауы кезінде анықталған. Алдымен облыстық аурухананың провизорлық бөліміне жеткізілген пациенттер қазір Талдықорғандағы әскери госпитальға ауыстырылды.
Олармен 15 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олар медициналық бақылауға алынып, эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.
Сол сияқты Талдықорған қалалық мемлекеттік бас санитар дәрігерінің 18 мамырдағы №4 қаулысымен облыс орталығындағы Самал шағынауданындағы 1-үйге, Ақжазық көшесіндегі 5-үйге, Жандосов көшесіндегі 5-үйге 14 күндік карантин енгізілді. Бұл үйлерде 135 адам тұрады.
Жалпы Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны - 209, соның ішінде Талдықорған қаласында 10 адам бар.