Талдықорғанда бір үйде үш адам ыстан уланып көз жұмды

0
1 188

Ақау пештен шыққан.


Талдықорғанда бір үйде үш адам ыстан уланып көз жұмды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда бір үйден үш адам ыстан уланып көз жұмды. Қайтыс болғандардың бірі 4 жастағы бала, деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиға бүгін түнде болған. Қайтыс болған үш адамның бірі 2015 жылғы бала және баланың 1947 жылғы әжесі. 1966 жылғы азамат та мерт болды. Марқұм ажал құшқан әйел адамның күйеу баласы болып келеді. Ақау пештен шыққан», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Талдықорғанда тағы үш адамның ыстан уланып қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Ол кезде екі кішкентай баласымен әкесі ажал құшты.