17 маусымда 18 және 28 жастағы ер адамдар, ал 18 маусымда 9 жастағы бала ауруханаға түскен.
ERNUR.KZ. Талдықорғанда екі күнде менингококк жұқтырды деген күдікпен үш адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 9 жастағы бала бар, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
17 маусымда 18 және 28 жастағы ер адамдар, ал 18 маусымда 9 жастағы бала ауруханаға түскен.
"Олардың бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ олардың барлығы ораза ұстаған. Үшеуі де жұма күні мешітте намазда болған, 9 жастағы бала да. Бала облыстық балалар ауруханасындағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол да ораза ұстаған. Үшеуі де менингококк инфекциясын жұқтырған болуы мүмкін", - деп хабарлады Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов.
Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта барлығы ем алып жатыр. "Зертхана қорытындыларын әлі алған жоқпыз. Бұл алдын ала қойылған диагноз", - деді Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.