Талдықорғанда ер адамды алабай қауып алды

0
1 001

Оқиға кеше кешке қала саяжайларының бірінде болды.


Талдықорғанда ер адамды алабай қауып алды

ERNUR.KZ. Талдықорғанда үлкен алабай ересек адамға тап беріп, қауып алды, деп жазады sputnik.kz.

Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті.

Байлаудан босап кеткен алабай өтіп бара жатқан адамға тарпа бас салған. Ер адам иттен әрең құтылған.
"Алабай маған көшеде тап берді. Маған басқа адам көмектесті. Екеулеп әрең құтылдық. Сақ болыңыздар. Егер менің орнымда бала болса аман қалмас еді", - дейді жәбірленуші видеода.
Иттің иесі 43 жастағы әйел жергілікті тұрғын болып шықты, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Әйел алабай тұқымдас үш итті асырайды, олардың біреуі жіптен босап, көшеге шығып, өтіп бара жатқан адамды қауып алды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Іс жүзінде хаттама жасалды", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні әйел ветеринарлық қызметпен иттерді одан әрі асырау мәселесін шешіп жатыр.