Талдықорғанда "Яндекс" жүргізушілері ереуілге шықты

0
838

Сервис өкілдері жүргізушілердің шағымдарына әлі жауап берген жоқ.


Талдықорғанда

ERNUR.KZ. Талдықорғанда "Яндекс.Такси" жүргізушілері платформаның жұмысына наразылық білдірді. Олар кепілдендірілген бонустардың жоғалуына шамданды, деп жазады stan.kz.

Жүргізушілердің айтуынша, қосымшадан 50 сапарға кепілдендірілген бонустар жоғалып кеткен және кішігірім тапсырыстар үшін қашықтық өзгерді.

"Біз бұрынғы шарттардың қайтарылғанын қалаймыз. Біріншіден, 50 сапар үшін берілетін бонустар қажет, екіншіден, алыс сапарларды есептеу алгоритмін 2,5 км-ден 1,8 км-ге дейін өзгерту керек. Қазірдің өзінде электр самокаттарға қарағанда арзанырақ жұмыс істеп жатырмыз, ұят", – дейді жиналғандар.

Наразылық акциясына елу шақты адам қатысты.

Сервис өкілдері жүргізушілердің шағымдарына әлі жауап берген жоқ.