Өрттің себебі анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Талғар тұрғындары кеше, 21 қазанда жарылыс дыбысын естіген. Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 21 қазанда сағат 19:06-да өрт сөндірушілер Талғарға шұғыл шақыруға шықты.
«Оқиға орнына барғаннан кейін Амангелді көшесінің бойында жеке тұрғын үйде жалпы ауданы 150 шаршы метр шаруашылық ғимараттарының, моншаның, сарайдың және шатырдың жанып жатқанын анықталды. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.