1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды.
ERNUR.KZ. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, 24 қаңтарда, яғни күні кеше сағат 13:48 шамасында Талғар ауданының полиция бөліміне оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың мәйіті табылғандығы туралы ақпарат түскен, деп жазады exk.kz.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша жоғарыда көрсетілген бөлімшенің СДТБТ-да тіркелген.
"1990 жылғы күдікті, Талғар ауданының тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламада.