Тамабек Әбілхайыр Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

0
483

Тамабек Әбілхайыр 2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымында қызмет еңбек етіп келді.


Тамабек Әбілхайыр Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы Жамбыл облысы Талас ауданында туған. 2015 жылы халықаралық Бизнес университетін «бағалау», Польша Республикасы Луис ұлттық университеті Жоғары бизнес мектебін «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әбілхайыр Тамабек еңбек жолын 2011 жылы жеке секторда бастаған.

2015-2017 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017-2018 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжат айналым қызметінің сарапшысы, 2018-2019 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің персоналды басқару және құжат айналым қызметінің басшысы, 2019-2020 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы. Ал 2020-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспекторы, 2022 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы – жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымында қызмет еңбек етіп келді.