Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

0
571

Бұған дейін Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылған болатын.


Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», - делінген құжатта.