Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында керісінше, биыл ылғал молырақ болады.
ERNUR.KZ. «Қазгидромет» РМК тамыз айында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында ылғал тапшылығы болатынын мәлімдеді, деп жазады Azattyq Ruhy.
Атап айтқанда, Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда. Сондай-ақ Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын жаумай, құрғақшылық болуы мүмкін.
Ал Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше, ылғал молырақ болады.
Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болмақ.