Актриса оқиға орнында оқырмандармен сөйлесті.
Танымал актриса Айнұр Ілиясова жол апатына түсті. Бұл туралы актриса Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Желідегі оқырманына жылап тұрып жағдайын баяндаған ол кейіннен сабырға келіп, бәріне амандық тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Актриса оқиға орнында оқырмандармен сөйлесті.
"Өз жолыммен ақырын жүріп келе жатқан едім. Қарсы бағытта бір ер кісі қатты жылдамдықпен келіп соқты. Мен барынша тез тоқтауға тырысып тежегішті бастым",- деді Ілиясова Stories-тегі видеосында.
Актрисаның айтуынша, көліктің алдыңғы есігін ашу мүмкін болмаған, сондықтан артқы есігінен түскен.
"Күнім жақсы басталып еді. Бір көлік келіп қағып кетті. Енді көліктің алды сынып тұр. Алда не күтіп тұрғанын білмейсің деген осы. Бәріңізге амандық тілеймін", - деді Ілиясова.
Жанкүйерлері сабырлық пен амандық тіледі.
"Бастысы басыңыз аман болсын", "Ондай болып тұрады, сабыр етіңіз", "Асығыстық шайтан ісі", "Бұны жай ғана оқиға деп қабылдаңыз, кімнің басында болмайды, келесіде абайлап жүресіз", "Кімнің кінәсі болды?", "Әйелдер қауымы көлікте байқап жүрсе екен, көп жол апатына себепші болады", - деп жазды олар.