ERNUR.KZ. Танымал журналист Оксана Петерс мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы ұсынысқа қарсы шықты. Бұл туралы ойын журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді.
фото season.kz
ERNUR.KZ. Танымал журналист Оксана Петерс мектептерде смартфон ұстауға тыйым салу туралы ұсынысқа қарсы шықты. Бұл туралы ойын журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жеткізді.
«...Бүгін Сенат отырысында оқу орындарында аудио, видеоға түсіретін телефондарға тыйым салу керек деген пікір айтылған екен. Мен мұндай идеяға, бұл ұсынысқа ата-ана ретінде қарсымын. Неге десеңіздер, менің ойымша қазіргі технология дамыған заманда керісінше әр мектепте, әр сыныпта бейнекамера орнатылуы тиіс. Бұл біріншіден, оқушылар мен мұғалімдердің жауапкершілігін жоғарылатса, екіншіден, әрбір ата-ана кез келген уақытта оқу процесінің қалай, қандай деңгейде өтіп жатқанын көре алатын болады және де бұл сұрақ қауіпсіздік мәселесіне өзінің үлкен септігін тигізетін еді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Маған сіздердің пікірлеріңіз де қызық» деп видеомәлімдеме жолдады Оксана Петерс. Бұл мәлімдеме желіде қызу талқыланып, көпшіліктің пікірі екіге бөліні. Бірі журналисті қолдаса, келесі бірі смартфонға тыйым салу білім сапасын арттырып, мұғалім беделінің артуына септігін тигізетін еді деген пікір қалдырды.
Видео:Оксана Петерстің желі парақшасынан алынды