Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

0
1 812

Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.


Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Заң еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты.

Атап айтқанда, онда "астық резервтік қоры", "астық нарығының операторы", "астық резервтік қорын басқару" ұғымдарын енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар, уәкілетті органға астық нарығын реттеу бойынша тиісті құзырет берілген.

Заң нормалары ішкі астық нарығының тұрақтануына, тұқым мен жем қорын қалыптастыру арқылы бірқатар салалардың өнімділігін арттыруға әсер етеді деп жоспарланады.

Заңның толық мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.