Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
1 409

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «23» сәуірдегі өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды.


Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

фото: turaninfo.kz

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «23» сәуірдегі өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Turaninfo.kz-ке сілтеме жасап.

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Туран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Жамбыл облысындағы «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастаған. 1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталық лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.