Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

0
628

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.


Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

ERNUR.KZ. Халықаралық іздеу жарияланған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытай Грузия аумағында ұсталды, деп жазады 24.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады. Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.